ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының тыңдаушылары сот жүйесінің қызметкерімен кездесті.
Қостанай қалалық сотының судьясы Асқар Әбілқайыр тыңдаушылармен «Талап қою мерзімі, мүліктік және мұрагерлік даулар, сыйға тарту шарты, мәміле» тақырыбы бойынша дәріс өткізді.
Кездесуде азаматтық құқықты реттейтін нормалар, соттар жұмысында қолданылатын заманауи технологиялар туралы айтып берді. Қолданыстағы азаматтық заңнаманың ерекшеліктерімен және соттарға енгізілетін заманауи технологиялармен таныстырды.
Судья жаңа заңнама нормаларын, атап айтқанда, істі сот талқылауына дайындауды оңтайландыруды, дауларды реттеудің баламалы тәсілдерін, татуластыру рәсімдерін, сот актілеріне шағымдану тәртібін, прокурордың азаматтық-құқықтық даулар бойынша сотқа қатысуын қысқартуды атап өтті.
Дәріс оқылғаннан кейін дәріскер белсенді диалог форматына көшті, оның барысында тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Слушатели Костанайской академии МВД имени Ш. Кабылбаева встретились с сотрудником судебной системы.
Судья Костанайского городского суда Аскар Абылкаир провел лекцию со слушателями на тему «Исковая давность, имущественные и наследственные споры, договор дарения, сделка».
На встрече он рассказал о нормах, регулирующих гражданское право, современных технологиях, применяемых в работе судов. Ознакомил с особенностями действующего гражданского законодательства и современными технологиями, внедряемыми в судах.
Аскар Абылкаир рассказал о новых законодательных нормах, в частности, об оптимизации подготовки дела к судебному разбирательству, альтернативные способы урегулирования споров, примирительные процедуры, порядок обжалования судебных актов, сокращение участия прокурора в суде по гражданско-правовым спорам.
После чтения лекции лектор перешел в формат активного диалога, в ходе которого слушатели получили ответы на интересующие их вопросы.