Кәсіби даярлық факультетінің 4 курс курсанттарына «Криминалистика бойынша практикум» пәнінде сабақ өткізілді
Болашақ офицерлерге банкноттар мен құжаттардың түпнұсқалығын қалай анықтау керектігі айтылды.
Бұл туралы Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының құжаттарды зерттеу және қолжазба бойынша аға маманы Нұржан Бердіғұлов айтты.
Практикалық сабақтың тақырыбы: «Банкноттар мен ақша белгілерін жасау» болды. Н.Бердіғұлов ақша купюраларының көшірмелері мен жасандыларының мысалдарын көрнекі түрде көрсетті, ақша банкноттарын қорғау және өндіру элементтері, қандай зерттеулер жиі тағайындалатыны, қылмыскерлер қандай купюраларды жиі қолдан жасайтыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Ультракүлгін шамның көмегімен курсанттарға шынайы банкноттар мен құжаттар, сондай-ақ олардың қолдан жасалғаны мен көшірмелері көрсетілді.
Тақырып бойынша қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар алынды. Курсанттарға құжаттарды және қолжазбаны зерттеу бойынша аға маманды тыңдау өте қызықты болды.

Курсантам 4 курса факультета профессиональной подготовки проведено занятие по дисциплине «Практикум по криминалистике»
Будущим офицерам рассказали, как выявить подлинность денежных банкнот и документов.
Об этом рассказал старший специалист по исследованию документов и почерка Управления профилактической работы и контроля Департамента экономических расследований по Костанайской области Нуржан Бердыгулов.
Тема практического занятия «Изготовление банкнот и денежных знаков». Н.Бердыгулов наглядно продемонстрировал примеры копий и подделок денежных купюр, подробно рассказал об элементах защиты и производстве денежных банкнот, о том какие чаще всего назначаются исследования, купюры какого достоинства часто подделывают преступники.
С помощью ультрафиолетовой лампы курсантам были представлены подлинные денежные банкноты и документы, а также их подделки и копии.
На все заданные вопросы по теме были получены развернутые ответы. Курсантам было очень интересно послушать старшего специалиста по исследованию документов и почерка.

Самат ДАИРОВ, преподаватель кафедры УПиК
майор полиции