ІІМ Қостанай академиясы ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушылары оқушылармен кездесті.
Қостанай қаласының №7 орта мектебінің 10 сынып оқушыларына Әкімшілік құқық бұзушылық деген не, әкімшілік жазалау шаралары қандай екендігі түсіндірілді.
— Кездесудің мақсаты, әрине, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық білімді насихаттау және өз бетінше жауапты шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру болып табылады, — дейді полиция подполковнигі Алмагүл Сағалиева.
Полицейлер оқушыларға кәмелетке толмағандардың кешкі және түнгі уақытта көшелерде және қоғамдық орындарда ересектердің қарауынсыз болуына жол берілмейтіндігі туралы айтты. Балалармен кәмелетке толмағандар жасайтын әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту тақырыбында сөйлесті. Сондай-ақ, әңгіме барысында оқушыларға темекі өнімдерін, алкогольді ішімдіктер мен есірткі заттарын тұтыну барысында туындайтын құқықтық салдарлар түсіндірілді.
Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, ал кездесу соңында қажетті және танымдық әңгіме үшін полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
— Біз осындай кездесулерден оқушылар барынша ақпарат алады деп үміттенеміз. Олар өздерінің құқықтық сауаттылығын арттырады, бұл өз кезегінде оларды жаман әрекеттерден қорғайды, — дейді полиция подполковнигі Анна Медведева, ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының аға оқытушысы.

Преподаватели кафедры административной деятельности ОВД Костанайской академии МВД встретились со школьниками.

Ученикам 10 классов средней школы №7 г.Костанай разъяснили, что такое административное правонарушение, какие бывают меры административного взыскания.
— Целью встречи, безусловно, является профилактика правонарушений среди несовершеннолетних, пропаганда правовых знаний и формирование навыков самостоятельного принятия ответственного решения,- говорит подполковник полиции Алмагуль Сагалиева.
Полицейские рассказали учащимся о недопустимости пребывания несовершеннолетних в вечернее и ночное время на улицах и в общественных местах без сопровождения взрослых. Поговорили с ребятами на тему профилактики и предупреждения административных правонарушений, совершаемых несовершеннолетними. Также в ходе беседы школьникам были разъяснены правовые последствия, наступаемые в ходе потребления табачных изделий, алкогольных напитков и наркотических средств.
Учащиеся приняли активное участие в беседе, задавали интересующие вопросы, а в завершении встречи поблагодарили сотрудников полиции за нужную и познавательную беседу.
— Мы надеемся, что из подобных встреч ученики извлекут максимум пользы: повысят свою правовую грамотность, что в свою очередь, убережет их от необдуманных поступков, — говорит старший преподаватель кафедры административной деятельности ОВД подполковник полиции Анна Медведева.