Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысында қaзipгi Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты «Қызбел» ауылында дүниеге келген.
1909 жылы Қазан қаласында Міржақыптың тұңғыш өлеңдер жинағы «Оян, қазақ!» деген атпен басылып шықты. Бұл кітап жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Жазушы сол үшін тергеу органдарының бақылауына алынды, ал «Оян, қазақ!» кәмпескеленді. Екі жылдан кейін осы жинақ қайтадан басылып шықты.

Қаламгердің алғашқы кітабы «Оян, қазақ!» болса, бір жылдан кейін «Бақытсыз Жамал» романы жарыққа шықты. 1913 жылы Орынборда «Азамат», ал 1915 жылы «Терме» атты өлеңдер жинағы басылды. Ақын өлеңдерінің басты тақырыбы—ел тағдыры.
Дулатұлы түрмеге қамауға алынғаннан кейін өлім жазасына кесілді, бірақ оның өлім жазасын бас бостандықты 10 жылға айырумен алмастырды. Алдымен екі жыл бойы Бутыр түрмесінде отырды. Артынан Сосновец лагеріне айдалды.
Міржақып Дулатұлы лагерьде қазақ мектептеріне арналған геометрия оқулығын да жазып шықты. Ал өзінің емшілік қасиеттерін көрген соң, аса табысты нәтижелермен қамалғандарды емдеді.
1935 жылы қазанның бесі Міржақып Дулатұлы лагерьдің орталық лазаретінде дүние салды.