ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Тергеу қателері және оларды шешу жолдары» атты тақырып талқыланды
Бүгін көрші елдің курсанттары үшін қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Сергей Кадацкий дәріс оқыды.
Дәріскер тергеу қателіктерінің ұғымдарын, авторлардың осы ұғымды анықтауға деген көзқарастарын талдау нәтижелерін қарастырды. Тергеу қателіктерінің белгілеріне, жіктелуіне, олардың пайда болу және алдын алу себептеріне, қылмыстық сот ісін жүргізуде тергеу қателіктерінің пайда болуына ерекше назар аударылды.
Іс-шара Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясы мен РФ ІІМ Барнауыл заң институты арасындағы білім беру және ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманы іске асыру шеңберінде онлайн режимінде өткізілді.
Дәріс сабағының соңғы бөлімінде курсанттар өзекті сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

«Следственные ошибки и пути их решения» — данную тему обсудили в Костанайской академии МВД им.Ш.Кабылбаева
Сегодня для курсантов соседней страны проведена лекция заместителем начальника кафедры уголовного процесса и криминалистики, кандидатом юридических наук полковником полиции Сергеем Кадацким.
Лектор рассмотрел понятия следственных ошибок, результаты анализа подходов авторов к определению данного понятия. Особое внимание было уделено признакам следственных ошибок, классификации следственных ошибок, причины их возникновения и предупреждения, возникновения следственных ошибок в уголовном судопроизводстве.
Мероприятие проведено в режиме онлайн в рамках реализации Протокола о сотрудничестве в области образовательной и научной деятельности между Костанайской академией МВД Республики Казахстан и Барнаульским юридическим институтом МВД РФ.
В завершающей части лекционного занятия курсантами были заданы актуальные вопросы, на которые были получены исчерпывающие ответы.