«Кіл жүйрікте, кім жүйрік» интеллектуалды сайыс

Академия қабырғасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған интеллектуалды сайыс өтті.
Төрт топтан құралған Академияның 4-курс курсанттары мен тыңдаушылары «Кіл жүйрікте, кім жүйрік» атты сайыста бақ сынады. 4 кезеңнен тұратын, әр түрлі тапсырмаларды қамтыған ойында қатысушылар алған білімдерін шыңдап, тапсырмалардан көп ұпай жинауға тырысты. Шапшаңдылық пен ұйымшылдықтың арқасында:

Бас жүлдені- «Қыран» тобы
1-орынды «Арлан»
2-орынды «Мерген» ал, 3-орынды «Жалын» тобы иеленді.

-Бұл сайыс арқылы білім алушылардың логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау, білім деңгейін арттыру, топпен жұмыс істеуді, достық қарым-қатынасты нығайтып, өзгенің пікірін құрметтеуге және ауызбіршілікке баулу-деп атап өтті полиция лейтенанты А.Оразов