ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 4-курс курсанттарының Қостанай облысы Полиция басқармасында қосымша практикасы тексерілді.
Ішкі істер органдары әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушылары 4 курс оқу тобының қосымша практикасын тексерді. Қосымша практика барысында курсанттар учаскелік полиция инспекторларының қызметкерлерімен бірлесіп, құжаттарды, хаттамаларды толтыруды үйреніп, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын-алу шараларына қатысқан болатын. Әр курсант өзінің болашақ қызметінің қыр-сырымен танысып, оны іс жүзінде көріп, өзін іштей рухани дайындауда.
-Курсанттар Академияда алған білімдерін тәжірибеде қолданып, оны іс жүзінде іске асыра білді, осылайша теория мен практиканы бір-бірімен ұштастырып, бір күн болса да өздеріне біраз тәжірибе жинауда. Қосымша практиканың болашақ полиция қызметкерлеріне берер әсері мол-деп атап өтті полиция капитаны А.Әбдәлі

Будущие офицеры знакомятся с тонкостями работы в полиции, проходя практику в Управлении полиции г.Костанай
Преподаватели кафедры административной службы органов внутренних дел проинспектировали дополнительную практику учебной группы 4 курса. В ходе дополнительной практики курсанты совместно с участковыми инспекторами полиции учатся составлять протоколы, заполнять служебные документы, принимают участие в охране общественного порядка.
— Сегодня курсанты качественно применяют полученные в Академии знания на практике, реализовают их, в ходе предоставленной им возможности, совмещения теории и практики, — отметил капитан полиции А. Абдали.