Академия қабырғасында Ішкі істер органдары әкімшілік қызмет кафедрасының ұйымдастыруымен Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған сайыс түріндегі іс-шара өткізілді.
Аталмыш шарада курсанттар тек өзара сайысып қана қоймай, оларға батырдың өмірбаяны туралы мәліметтер оқылды. Сондай-ақ, Халық қаһарманының ерлік жасаған сәті туралы шағын бейнефильм көрсетілді.
Курсанттарға ұяшықтан батыр туралы викториналық сұрақтар қойылды. Сұрақтар Ғ.Байтасовтың өмірбаянын қамтыды. Белсенді болып, дұрыс жауап берген курсанттарға кішігірім сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетсек, биыл қазақтың батыры, Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлікпен қаза тапқанына 10 жылдың жүзі болды. 2011 жылы 12 қараша күні Тараз қаласында террористік лаңкестің жолын кесіп, жарылғыш затты кеудесімен тосып, халықтың өмірін құтқарып, ерлікпен қаза тапқан еді. Батырдың жасаған ерлігі әрбір Қазақстандықтың есінде мәңгі сақталғаны сөзсіз. Бейбіт күннің батырының ерлік ісі өскелең ұрпаққа үлгі, әрбір болашақ полиция қызметкеріне өнеге.

Автор: Абзал ӘБДӘЛІ, ІІО әкімшілік қызмет
кафедрасның оқытушысы
полиция капитаны