21 наурыз- «Ұлттық тағамдар күні»

Қазақ халқы ежелден табиғи өнімдерді тұтынған. Таза тағамдардың адам денсаулығына өте пайдалы екендігін де ерте бастан түсінген. Мал шаруашылығын қолға алып, төрт түлікпен біте қайнасқан бабаларымыз әсіресе малдың еті мен сүтінен өте көп тағам түрлерін дайындаған. Бұл күні әр үйде қазақтың ұлттық тағамдары дайындалады. Этнографтардың айтуынша, қазақтарда 200-ден астам тағам түрлері бар.

21 марта – День национальной кухни (Ұлттық тағамдар күні). В этот день в каждом доме готовятся блюда национальной казахской кухни. По словам этнографов, у казахов насчитывается более 200 видов блюд.