ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында жауынгерлік самбодан 2001-2002 жылы туған жасөспірімдер арасында Қостанай облысының чемпионаты болып өтті. Жарысқа Әулиекөл ауданы, «Еңбек», «Арман ММА, «К8» спорт кешендері, Қостанай, Рудный қалалары және ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының командалары қатысты.

Жарыста 70-тен астам спортшы өзара бақ сынады. Сондай-ақ ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары да бұл жарысқа белсене қатысып, өз мықтылықтарын дәлелдеді. Ал жарыс қорытындысы бойынша:
I орынды 88 келі салмақ дәрежесінде Айдос Сағындық
II орынды 53 келі салмақ дәрежесінде Бейбарыс Абу
73 келі салмақ дәрежесінде Асқарбек Жұмашев, 88 келі салмақ дәрежесінде Жумагелдинов Төлеужан жүлделі орындарды иеленді.

Осы жарыста бірінші орынды иеленген қатысушылар ағымдағы жылғы қараша айының 19-21 күндері аралығында Тараз қаласында өтетін ҚР чемпионатына қатысатын болады.

Бағдат ЖАНДАУОВ,
ДШД кафедрасыны оқытушысы
полиция майоры