Бүгін 30 қазан бапкерлер күні. Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бастап қазақ жастары қай спорт түрінен болмасын байрақты бәсекелерде топ жарып, еліміздің абыройын асқақтатып жүр.
ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында еркін күрестен мыңға жуық спортшыларды дайындаған, тіпті Әлем чемпиондарын тәрбиелеген тәжірибелі бапкер жұмыс істейді.

Зейнеткер, запастағы полиция полковнигі Айдарбек Әбдіғалиұлы Ақылбеков 40 жылдан астам уақытын сүйікті ісіне арнаған. 2000 жылдан бастап Қостанай академиясында дене шынықтыру даярлығы кафедрасында жұмыс атқара жүріп, курсанттарды жаттықтырып, республикаға және әлемге танымал чемпиондарды дайындап келеді. А. Ақылбеков дайындаған спортшылар қатарында Ресей Федерациясының Санк-Петербург қаласында өткізілген қоян-қолтық ұрыста бір тәлімгері Чемпион атанса, 2016 және 2017 жылдары өткізілген жауынгерлік самбодан бапкердің үмітін ақтап, екі бірдей спортшысы үздіктер қатарынан көрінді.

-Көзінде жалыны бар жастарға тәлімгер болу менің екінші тынысым, себебі бапкерлер спорт әлемінде мүмкін емес ештеңе жоқ екенін дәлелдейді, ең бастысы – күн сайынғы еңбек пен ерік-жігер- дейді жаттықтырушы.
Десе де бапкердің айтуынша, бұл спорт түрінде жеңімпаз атану үшін физикалық тұрғыдан мықты болып қана қоймай, психологиялық жағынан да шымыр болу қажет.Ал бапкердің басты мақсаты спортқа жан-тәніңмен берілу керек. Сонымен қатар, барлық уақытыңды өзіңе емес, тек спортшыларға жұмсауың қажет. Сонда ғана нәтиже болады дейді.

Сондай-ақ Халықаралық турнирде бапкердің тағы бір спортшысы грэпплингтен Әлем чемпионы атанды. Бұл жаттықтырушының төгілген тердің, үмітінің ақталуы. Талай жастың бағын ашып, мықты болашақ чемпиондарды жаттықтырып жүрген А. Ақылбеков спортшылардың әр жеңісі, әр жүлдесі –бұл бапкердің ең үлкен жетістігі, еңбегінің жемісі-дейді. Иә, бапкердің сөзінің жаны бар, ұстаздың жетістігі, оның нағыз жеңімпаздары.
Айдарбек Әбдіғалиұлының әлі де талай чемпиондарды тәрбиелеп шығаратынына сеніміміз мол.