Академияның Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры А.Ж. Садыков кәсіби дайындық факультетінің 4 курс, 414 оқу тобының курсанттары арасында «Пробация қызметіндегі іс жүргізу практикумы» пәні бойынша «Қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазаны орындау тәртібі» тақырыбында сабақ өткізді.

Сабаққа Алматы облысы ҚАЖ департаментіне қарасты Талдықорған қалалық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Жадыра Бекәділқызы Бекбосынованы қатысты.
Сабақ барысында Жадыра Бекәділқызы пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандарға қатысты сот үкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, оларды пробация қызметінің есебіне алу тәртібі мен жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет ету тәртібі туралы айтты.
Тәжірибелік қызметкер бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды өтеудің тәртібі мен шарттарына, пробация қызметінің жұмыс ерекшелігіне, сондай-ақ пробация қызметінің жергілікті полиция қызметімен өзара іс-қимылын іске асыруға байланысты мәселелерді талқылады.
Курсанттардың өздерін толғандырған сұрақтарына алынған жауаптары, тәжірибелік қызметкердің жұмыс барысы туралы айтқан ақпараттары, олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырды.

Ішкі істер органдарында
әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры
А.Ж. Садыков