2021 жылдың 5 қазанында ҚР Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алушы курсанттарға Қостанай қалалық УК-161/2 мекемесінде жазасын өтеушілерге білім беру мектебінің оқытушысы, тәжірибелі маман С.Ю.Ерисковскиймен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жазасын өтеушілерді оқыту әдістері мен формалары талқыланып, С. Ерисковский өз тәжірейбесімен бөлісті. Курсанттар тақырыпқа байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алыды.
Кездесу курсанттардың теориялық алған білімдерін тәжірибеде нығайтуына көмегін тигізері анық. Кездесу курсанттарға ұнады, алдағы уақытта да осындай форматтағы кездесулердің жиі өткізілуіне өз ниеттерін білдірді.

Авторы: КПДжІІОБ кафедрасының
оқытушысы
полиция лейтенанты
А.Х.Оразов