Академияның 4-курс курсанттары «ҚАЖ денсаулық сақтау» пәні бойынша «ZOOM» бағдарламасы арқылы «Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығының» профилактика бөлімінің меңгерушісі, эпидемолог дәрігер К.А.Кайырбекова және осы бөлімнің педагог маманы Н.А.Касенова сабаққа қатысты.
Сабақ барысында АИТВ/ЖИТС алдын алуға байланысты слайттар мен бейнебаяндар көрсетілді.
Бұл ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық орталығы ерекше үлгідегі емдеу-алдын алу мекемесі болып табылады. Оның қызметі облыс көлемінде АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау, емдеу шараларын ұйымдастыруға және үйлестіруге бағытталған.
Профилактика бөлімінің меңгерушісі К.А Кайырбекова АИТВ/ЖИТС бойынша өз кеңесін берді. Қостанай академиясының тыңдаушыларына аурудан сақтану жолдарын және жыныстық жолмен берілетін ауруларды жұқтырмау үшін кездейсоқ жыныстық қатынастардан аулақ болу, тері қабатын зақымдайтын ортақ құралдарды қолданбау керектігі жайында кеңес айтылды. Сонымен қатар ақпараттық танымдық материалдар таратылып, сұрақтарға жауап берілді.

Автор: Ерден ТОЛЫҚПАЕВ
Кәсіби-психологиялық даярлық және
ІІО-ны басқару кафедрасының оқытушысы полиция лейтенанты