Академия қабырғасында «Nur Otan» партиясының депутаты, Рудный қалалық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қостанай академиясының түлегі Аслан Жұмағалиұлы Дабыловпен кездесу өтті.

Кездесу барысында Аслан Жұмағалиев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай қазақстандықтардың өміріндегі 30 елеулі өзгеріс пен жетістігі жайында оқу орнының магистранттары мен докторанттарына баяндама жасады. Өзінің өмір тарихымен бөлісіп, мүмкіндігі шектеулі жандарды қамтитын бірлестіктің жұмысымен таныстырды. Халыққа жүргізілетін бағыты туралы айтып, тыңдаушыларға сұрақтары мен өтініштері туындаған жағдайда, «Nur Otan» партиясының 5 бағытының бірі құқық қорғау органдары бөліміне жүгінуге болатынын айтты.

— Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Тәуелсіздік-мемлекетіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі. Сіздер, болашақ еліміздің айқын көрінісіздер. Сіздердің әрбір жасаған игі істеріңіз бен бастамаларыңыз еліміз үшін оң әсер ететіне сенімдімін-деп жылы лебізін білдірді.
Кездесу соңында қонаққа Академияның оқу орталықтары көрсетілді.