Құрметті біздің оқырмандар, бүгін елімізде – Аналар күні. Бұл күн Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Биылғы жылғы мереке 19 қыркүйекке келді.
Құрметті, Аналар! Сіздерді ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы, Ардагерлер кеңесі, жеке құрамы мен курсанттары бүгінгі тамаша мерекемен құттықтаймыз! Сіздер, әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Дендеріңізге саулық, мол табыс пен баянды бақыт тілейміз!
Еске сала кетсек, 2012 жылы Елбасы Н.Назарбаев қыркүйектің үшінші жексенбісін «Аналар күні» деп белгілеген болатын.