Құрметті оқырмандар! Сіздерді ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы, Ардагерлер кеңесі мен ұжымы бүгінгі Отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Елбасы Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісіне белгіленген бұл мереке айрықша мәнге ие. Өйткені, жанұя әрбір адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. «Отан отбасынан басталады» дегендей, отбасы институтын нығайту мен оның құндылықтарын насихаттау — қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етудің, ұлттың бәсекеге қабілетін арттырудың ең тиімді жолы.
Осындай ырысты күздің алғашқы айымен бірге жеткен Отбасы күні мерекесі әрбір шаңыраққа шаттық пен құт-береке әкелсін! Отбасымыз да, Отанымыз да аман болып, әрқашан көркейе берсін!
Мереке құтты болсын!