Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарын жаңғыртуға байланысты ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Осыған орай бүгін ішкі істер органдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлер алғашқы кәсіби даярлықтың үшінші жиынына қабылданды.
Қазақстанның барлық облыстарынан тыңдаушылар алғашқы кәсіби даярлық курсынан өтуге келді. Олар оқу ордасында үш ай мерзім ішінде полиция қызметіне қажетті білімдерді алады.