ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасында мереке күндертізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек, Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді. Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар.
Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылдың 5 қыркүйегінде қазіргі Қостанай облысы Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында өмірге келген. Ол алғашқыда ауыл адамдарынан сауат ашып, кейіннен 1886-1891 жылдары Торғайдағы 2 сыныпты қорыс-қазақ мектебінде оқыды.
Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет әліппесі қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл – құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша.
Ендеше барша оқырмандарымызды бүгінгі, қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнімен және Қазақстан халқы тілдерінің мерекесімен құттықтаймыз!