ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының кәсіби даярлық факультетінің полиция қатарындағы 3-курс курсанты Ерболат Лашын Қостанай өңіріне деген тамаша сүйіспеншілігін, жүректен шыққан өлең жолдарымен жеткізеді.

Айналдым Қостанайдай  киелі елден,

Кем болмаған қаһарман киелерден.

Құт дарыған даласы дәңге толып,

Алтыншы орын, жер көлемін иеленген.

Еліміздің қарқындап дамуына,

Үлкен үлес, ерекше жүйе берген.

Осындай дархан дала, кең атырап,

Қазына ғой әрбір ұлға сүйе білген.

Басыңа бақ пен бақыт шоғырланған,

Құралған өзегің өр лағылдардан.

Талай ұлың топырағыңнан түлеп ұшып,

Тарихың  тым тереңнен тамырланған.

Мен бүгін осы өлкеммен мақтанайын,

Қазақтың тарихындай ақ самайың.

Талантымды қандағы қаламменнен,

Ақ беттерге өлеңғып ақтарайын.

Бұл өңір алтын құрсақ ел еселі,

Алып батыр, ақыңнан кем емес  елі.

Азаттықтың ақ жолында құрбан болған,

Амангелді Имановтай ер өседі.

Кешегі Кейкі батыр, Шипин Омар,

Ақындық пен батырлықтың белесі еді.

Еркіндігін іздеген өр халықтың,

Мұңын мұңдап, жауымен егеседі.

Ал Ахмет, Ыбырайлар елге мәлім,

Осы елдің нақ біртуар ересегі.

Міржақып  бар қазаққа «оян» — деген,

Ақиқатта бұл сөз бекер емес еді.

Халықтың сауаты үшін кітап жазған,

Өр Бейімбет ұлттың  ұлы өресі еді.

Шоқанда осы өңірдің бір тумасы,

Ол ғылымның  бір алып кемесі еді.

Ұлы Отан соғысында батыр болған,

Сұлтан Баймағамбетов жігіттің төресі еді.

Қазақтың қайсар қызы Кәмшат апай,

Батылдығы батырлармен теңеседі.

Міне осындай  бұл өңірдің ұл-қыздары,

Бұлар елдің өткені мен келешегі.

Туған елдің тәрбиесі болмағанда,

Қазағым, ұлтым деп қам жемес еді.

Жүз қырық жыл нәр дарып кідігіңнен,

Алып қала  ғасырлық  дүлдүлімең.

Қостанайдай асылға арнап бүгін,

Бір жігіт тұр, беріп сыйын жыр гүлімен.

Араласқан бауырыңда ұлттарың көп,

Ынтымағың берік екен бір-біріңмен.

Күнгейіңде күн жылы нұрын шашып,

Түніңде ай сәуле сепкен түндігіңнен.

Бұл қаланы осындай гүлдендірген,

Айналдым мен татулық пен бірлігіңнен.

Қостанай қалаң көркем, далаң алып,

Жұпардай ауаң таза, санаң анық.

Көркейіп өсіп жатқан өр бесігің,

Жатыр бүгін ерекше бағаланып.

Келер шақтан нұр шашып тұр болашағың,

Келіп жатыр тарихың сараланып.

Салынып заманауи көп ғимарат,

Жасарып келіп жатыр жаңаланып.

Қостанайға келгелі көп жерлерін,

Көзбен көріп, аяқпен араладық.

Содан келіп жүрекке түйгенімді,

Жырғып жаздым қолыма қалам алып.