Қостанай облысының Ардагерлерінің және Жас қызметкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

2019 жылдың 6 мамырында Отан қорғаушылар мерекесінің қарсаңында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ қабырғасында Қостанай облысының Ардагерлерінің және Жас қызметкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек стол Қостанай облысы бойынша Жастар жылын өткізу аясында Жастар саясатының сұрақтары бойынша Басқарманың ұйымдастыруымен өтті. Дөңгелек үстел ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 курс магистранттары қатысты.

Іс-шараның мақсаты өзінің өмірлік жолын мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етуге арнаған жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру болып табылады. Жастарға патриоттық тәрбие беру — бұл еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының бір бөлігі. Өз елінің патриоты болу — өзінің ар-намысы және жеке қадір-қасиеті бар кез келген адам үшін әрқашан құрмет. Бұл ретте нық дамып келе жатқан мемлекетте патриоттық тәрбиені тек шығармашылық үрдіс деп қана бағалауға болмайды.  Бұл ең алдымен қызметкердің Отан алдындаы Антына адал болуы, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін сапалы еңбек ету. Азаматтарға патриоттық тәрбие беру бағдарламасының мақсаты жастардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбие жүйесін мақсатты түрде дамыту арқылы оларды Отан мүддесін қорғау жөніндегі азаматтық парызы мен конституциялық міндеттерін орындауға даяр болуға тәрбиелеу.

Дөңгелек үстел нысанындағы кездесу қазақ халқының тарихи және моральдық құндылықтарын еске түсіріп қана қоймай, сонымен қатар Ардагерлердің және осы салада еңбек етіп жүрген қызметкерлердің тәжірибелерімен бөлісіп, қызмет саласында туындайтын сұрақтарды талқылауға ашық түрде талқылауға мүмкіндік берді.

1 курс магистранты

әділет аға лейтенанты

Қабай Манар