ЕШКІМ ДЕ, ЕШ НӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!

2019 жылдың 8 мамыры күні Жеңіс күні қарсаңында 10 мектептің 1 «А» сыныбының оқушыларымен сынып жетекшісі ата-аналармен бірлесіп Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтауға асықты.

Ардагерлерге бару мақсаты – жас ұрпақтарды Отанына, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін оятып, елін құрметтеп, қорғай білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу және патриоттық сезімін ояту.

Ұлы Отан соғысының ардагері Ахрамеев Александр Николаевич 1926 жылы Одесса облысының Новобужский ауданының Любовичивка ауылында дүниеге келген. Қызмет жылдары: 1943-1948 жж. Әскери атағы-старшина. Білімі – орта. 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», мерейтойлық медальдармен марапатталған.




Кездесу барысында ардагерлер өсиет сөзін айтып, сұрапыл жылдардағы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, мектеп ұжымы мен ата-аналарға ризашылығын білдіріп, зор денсаулық, қызметте толағай табыс тіледі.

Бұл күндері арта ерліктің алдында бас иеді, өйткені біз оларға жарқын болашағымыз үшін міндеттіміз.

Ардагерлерге соғыста көрсеткен ерлігін бүгінгі ұрпақтың қамы үшін жасағандығын айтып, сый-сияпат жасадық. Батырларға деннің саулығын, ғұмырдың ұзақтығын тіледік.

Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Олар Отан үшін, ел үшін құрбан болды. Отанымыздың даңқы – ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Біз олардың жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз. Қарттарды, майдангерлерді қадірлейік! Олардың есімі ел есінде мәңгі қалады.

мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының

аға оқытушысы, полиция майоры

 А. Ақылбекова