Полиция – қорғаның

 Жүрмін мен, намысын бірге жыртып,

Кейбіреулер атынанда, затынанда жүрген үркіп.

Бұл – милиция менің өткен балғын шағым,

Жас жеткесін бәрі өткен көзден сырғып.

Қауіпті – қайын жұмыс еді –

Қып қызыл қан –майдан ұрыс еді.

Қолынан қанпезерлер қаза болған,

Ерлерін ұмытар ма? – бүгін елі.

Қоғамды жай қылықтан арашалар,

Полиция еңбегіне кім бүгінде таласалар?

Қырағылық күзетінде тұрған биік,

Орны жоқ Полицияның аласұрар.

Қорғаған ел бірлігін  —  берекесін,

Бұзбаған, заңдылықтың ережесін.

Халықтың, Ардағына ие болған,

Полиция құрмет  тұтар Ерен есім.

Заманның, өзгерген мен тегершіні,

Бұл, Полиция «бақыттың» көгершіні.

Білім алған заңдылықтың мектебінен,

Сарбаздардың әлі алда шығар шыңы.

Тайсалмай  қиындыққа  тұрар өрен,

Бұл жастар болашақтың ері дер ем.

Көбейер  иықтарыңда жұлдыздарың,

Халқыңа қызмет етсең адал ерен.

Тәуелсіз еліміздің туы биік,

Бірлігіміз жарасып тұрған ұйып.

Мәңгілік жасай берсін Қазақ елі!

Бақытты болашағым тұрған сыйып.

Сағидолла Кәкімбеков

Зейнеткер, милиция капитаны

Қостанай қаласы, 7 мамыр 2019 жыл.