Білікті маман

Сәуір айының екінші жұлдызында күндізгі және сырттай оқыту факультетінің «Білікті маман — 2019» кәсіби дағдылар конкурсының 3 кезеңі өткізілді. Конкурстың үшінші кезеңінде курсанттар өздерін таныстырып, шағын көрініс көрсетіп, білімдерін сынауға мүмкіндік алды. Өткізілген шараға Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі С.Каракушов және күндізгі және сырттай оқыту факультетінің бастығы полиция полковнгі  Г.Кульжанова қатысты. Конкурсқа әділқазылық жасаған мемлекет және құқық кафедрасының оқытушылары болды. Жалпы конкурс барысында курсанттарға қызметтік сұрақтар қойылып, олардың білім жүйесін тексерді. Конкурстың өткізілу мақсаты — өз қызметін жетік білетін полиция маманын дайындап, халыққа адал қызметке шақыру және соған тәрбиелеу. Осындай шаралардың арқасында келешекте елімізде мықты полиция мамандарын көруге болады деген үлкен сеніммен өзімізге артылған жүкті арқалай аламыз. Болашақта ел қорғайтын тыныштық сақшысы атанарымыз хақ. Аталған конкурстың шешімі мамыр айының оныншы жұлдызында белгілі болады.




1 курс курсанты

полиция қатарындағы

А. Бакбаева