БІРЛІК БОЛМАЙ, ТІРЛІК БОЛМАС

1 мамыр – Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күні. Бүгінгі таңда ынтымағы мен бірлігі жарасқан 130-дан астам өзге ұлт пен ұлыс өкілдері бір ту астында ауызбіршілікте ғұмыр кешіп жатыр. Бұл да бір біздің қонақжайлылық қасиетіміздің арқасы шығар. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында да көптеген өзге ұлт өкілдері білім алады. Соның бірі біздің Академиямызға сонау Тәжікстан елінен келіп, білім алып жатқан тәжік ұлтының өкілдері ерекше көзге түседі. Олар біздің басқа да курсанттарымызбен тығыз достық қарым-қатынаста болып, бір шаңырақ астында татулық пен бірлікті сақтап, білім алып жүр. Сондай-ақ, бұл қонақ курсанттарымыз білімге ғана емес, Академиямыздың қоғамдық және спорттық өміріне де белсене ат салысады.

Осы ауызбіршілікпен халықаралық достықты одан әрі нығайту мақсатында Академия басшылығы мен Жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен оқу орнымыздың қабырғасында тәжік халқының ұлттық спорты «гуштингири» күресінен палуан курсанттар арасында ашық чемпионат өткізілді. Бұл аталмыш сайыстың ашылу салтанатында Академия бастығы полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов сөз сөйлеп, өзінің ізгі лебізінде бұл іс-шараның маңызы зор екенін, «бірлік болмай, тірлік болмайтынын» айтып, Академия курсанттарына келешекте мықты маман иесі болып шығу үшін, ең алдымен, осы татулық керек екендігін айтты. Сонымен қатар жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, бұл іс-шараның өте орынды екенін, әрі толығымен қолдайтынын жеткізді. Бузавғали Оспанов атындағы облыстық  балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы  Ермағанбетов Нұржан Бекайдарұлы сөз сөйлеп, барша жиналған қауымды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтап, осы керемет мереке қарсаңында өтіп жатқан аламан додамызды пайдалана отырып, Самбо күресіне қосып жүрген үлесі үшін самбо күресінен шеберлер арасындағы Әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Бекайдар Ахметбекұлы Куставлетовты төс белгісімен марапаттады.

Оқу орнымызда  ұйымдастырылып, өткізіліп жатқан ауқымды іс-шараға арнайы қонақ болып, Костанай қаласындағы «ШАРҚ» Тәжік — Өзбек этномәдени  орталығының төрағасы Холметов Эргашвой Эрматұлы ағамыз арнайы қонақ болып келді. Ол палуандарға жылы лебізін білдіріп, үлкен алғысын айтып, қуанышымен бөлістi. Сондай-ақ  өзінің сөз сөйлеу барысында Академия бастығы Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов ризашылығын білдіріп   «Соманион» тәжік мәдени және қоғамдық бірлестіктер қауымдастығының президенті С.М.Шарифовтің алғыс хатын тарту етті. Марапаттау барысында оқу орнымыздың еркін күресі үйірмесінің  палуандары еркін күреске қосқан едәуір үлесі үшін Тәжікстан Республикасынан келіп білім алып жатқан 3 курс курсанты Уразов Фирдавсқа бағалы сыйлық  табыстады.

​Сайысымыздың шымылдығын көтерер алдында «нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра», дегендей Академияның домбырашылар ансамблі күмбірлеген күймен сайысымыздың сәнін келтірді.

Сонымен қатар Уразов Фирдавс, Азамов  Бахадур, Абуев Елдос, Сембек Абзал, Айбек Жайлау, Авгонов Құрбанали, Әуелбек Нұрдаулет атты курсанттар іс-шараны сараптап, бағалауға тағайындалды. Музаффар Фаридун атты тәжік ұлтының курсанты іс-шараны ұйымдастыруға көмектесіп, белсене ат салысты.

Сондай-ақ, жарысымызға оқу орнымыздың небір мықты курсанттары қатысып, төрде жайылған боз кілемнің біршама шаңын шығарды десек те болады. Курсанттар өзара тек бір-бірінің тілдерін және әдет-ғұрпын үйреніп қана қоймай, бір-бірінің ұлттық спорттарына да қызығушылықпен қарайтынын айтады. «Қас қылғанға қиып түсер қылышпыз, дос болғанға құшағы ашық туыспыз», — деп Қазыбек би атамыз бекер айтпаған ғой. Себебі қазақ халқының ең көрнекті, ең бірегей асыл қасиеті осы қонақжайлылық болып табылады.

Додамызда оза шапқан жүйріктердің тізімі

50 келі салмақ дәрежесінде:

1 –орын Тортаев Жандос;

2 –орын Каримов Новруз;

3 –орын Алмабек Бек;

55 келі салмақ дәрежесінде:

Нұрғалиев Қайсар;

Исупов Саиджон;

60 келі салмақ дәрежесінде:

1 –орын Саримсаков Темирхан;

2 –орын Рахым Мирас;

3 –орын Тулейв Ибрагим, Рахмонов Худойдод;

65 келі салмақ дәрежесінде:

1 –орын Олжабай Бекзат;

2 –орын Пернебай Әділет;

3 –орын Мұздыбек Сұлтан, Сәрсенәлі Рүстем;

70 келі салмақ дәрежесінде:

1 –орын Өсербай Құлмахан;

2 –орын Абдрохмонов Маруф;

3 –орын Шеров Исламидин, Хамза Бақұстар;

75 келі салмақ дәрежесінде:

1 –орын Білім Әлібек;

2 –орын Шариф Акбар;

3 –орын Долдохан Аманбол, Жаппар Ардақ;

80 келі салмақ дәрежесінде:

1 –орын Тұрсын Ерсін;

2 –орын Саидов Шероз;

3 –орын Аленов Ерасыл, Ермек Қазбек;

85 келі салмақ дәрежесінде:

1 –орын Галимов Ансарбек;

2 –орын Құрбанбай Талғат;

3 –орын Сейдрахманұлы Жұмахан, Мамыров Мирзат;

90 келі салмақ дәрежесінде:

1 –орын Жармағамбетов Бахтияр;

2 –орын Махнатзаров Юнус.

Тағы бір тілге тиек етіп, айта кететін жайт осындай академиямыздың түрлі спорттық іс-шараларын өткізуге  ат салысып, қол ұшын созып, сайыстардың жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылуына  жәрдемін тигізіп, жүрген жандар марапатталды:

Жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының бастығы полиция майоры

Абдрахманов Мади Бақытбекұлы;

Жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының аға оқытушысы                          полиция майоры  Кабидуллинов Ержан Айтбайұлы;

Жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының аға оқытушысы                         полиция подполковнигі  Кенжекиев Мұрат Сабырұлы;

Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция майоры Аужанов Руслан Қажымұқанұлы;

Тәрбие жұмысы бөлімінің аға инспекторы Тулыбаев Тимур Серсенбайұлы;

Сонымен қатар Академиямызда 2014-2018 оқу жылдары аралығында білім алып, сондай-ақ еркін күреспен құлшына айналысқан, Академияның спорттық өміріне белесене қатысып, қонақтарымыз тәжік халқының ұлттық күресі «гуштингири» -ді дамытуға зор үлесін қосқаны  үшін  оқу ордамызды тәмәмдаған полиция лейтенанттары Тезекбаев Ринат, Ануаров Жолдасбек және Жаппар Ардақ сынды түлектеріміз алғыс хаттармен мараппаталды және де осы жарысымызды қолдап, көмек көрсеткен, тәжік ұлтының өкілі Музаффаров Джанати марапатталған болатын.

Іс-шараға соңында, қатысушылар естелікке суретке түсті.



























полиция қатарындағы 3 курс курсанты

Әділ Ілияс