2019 жылғы сәуір айының 27-29 күндері аралығында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының спорткешенінде Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевты еске алуға арналған еркін күрестен ерлер арасында Қостанай облысының чемпионаты өтті

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы және Қостанай облысы әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасының бірлесіп өткізген іс-шарасы болып табылады.


Рақымжан Қошқарбаев

Қошқарбаев Рақымжан(1924 —1988 жж.) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы (1999).

Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті.

Рейхстагқа дейін арақашықтық 360 метр ғана, бірақ ол жан-жағынан оқ жаудырылған ашық алаң үстінде еді. Лейтенант Қошқарбаев өзінің солдаттарымен бұл қанды метрлерді толассыз атылған оқтың астында 7 сағатта, жерге жабыса еңбектеумен өтті. Рейхстагқа ол Григорий Булатов деген солдатпен бірге жетті және бұйрықты орындап, Рейхстагтың фронтанына туды тікті. Бұл сәуірдің 30-ы күні 18 сағат 30 минутта болған еді. Тарихи ерлік жайындағы бұл хабар бүкіл әскери бөлімдерді шарлады, баспасөзде кеңінен хабарланды. «Жауынгерлік Қызыл Ту» ордені Рейхстагқа ту тіккені үшін беріліпті. Ал Рақымжан 1988 жылы дүниеден өткен еді. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қошқарбаевтың батырлық ерлігіне барынша жоғары баға берді, оның тәрбиелік және патриоттық мәнін атап айтты. 1999 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен Р.Қошқарбаевқа Халық қаһарманы атағы берілді.

Аталған салтанатты іс-шара Әнұранның орындалуымен басталды. Алғашқы сөз Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекеновке берілді. Полиция полковнигі Н.Биекенов өз сөзінде қатысушыларға жоғары шыңнан көрінуге сәттілік тіледі.

Келесі сөз кезегі бас төреші, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, Науырзым ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Серік Қажыұлы Байдильдиновке берілді. Ол жылы сөзден кейін жарыстың өту тәртібімен таныстырып өтті.

Сонымен қатар  мото, веложарысқа қатысатын Қарасу ауданынан арнайы келген делегацияның жетекшісі спорт ардагері Данияров Борис Данияровичке де сөз берілді. Делегация Рақымжан Қошқарбаев тіккен тудың көшірмесін жарыстың ашылу салтанаттына әкеліп көрсетті.

Академиямыздың жас қаламгер ақыны полиция қатарындағы 3 курс курсанты Әділ Ілияс Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевқа өлең арнады. Керемет өлеңін полиция қатарындағы 3-курс курсанты Ермек Қазбек жұрт алдына паш етті.

Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевқа арналады

 Ұлы отан соғысы ұлы майдан,
Қан азапқа қасыретке толы майдан.
Ел күйретіп қажыттау қазағымды,
Отан үшін соғысқан ұлы майдан.

Бабаларым үлкен биік сатыларым,
Білседе отан үшін аталарын.
Ұрпағы үшін келешек басын тіккен,
Ардагерлер кешегі батырларым.

Отан үшін бар күшін аянбаған,
Ертеңіне елінің салған жанын.
Сол майданда соғысқан елім үшін,
Қасым батыр, Бауыржан Рақымжаным!

Айтайын мен ол батырдың ерлігін,
Рейхстагқа жеңіс туын тіккесін.
Орны толмас ерлік жасап бұл батыр,
Қан майданға қоя білген нүктесін.

Ту тігу үшін Рейхстагқа  ұзақ жолы өтілді,
Өзі батыр қазағының алпауыты секілді.
Еңбектеп ап шадымдықпен суықта,
Батырлықпен жүріп өтті 360 метрді.

Елі үшін отан үшін бар күшін,
Тоқталуға мұрша болмай тоңатын.
Әйгілі ол Рейхстагқа ту тіккен,
Ол Рақымжан Кошқарбаев болатын.

Бүгінде ақталдау тыл еңбегің,
Еске алып әрбір жылы есімін.
Палуандарға өнегелі турнир жасап,
Ашып жүрміз еркін күрес есігін.

Атың  қалдау жазылып мөр бетіне,
Палуандар жүр қуанып тербетіле.
Осы турнир аламан еркін күрес,
Еске алуға арналады құрметіңе.

Жас ұрпаққа үлгі болар ерлігің,
Ашып берген келешекке есігін.
Қаһарманы қазақтын ол Рақымжан,
Ұмытпаймыз батырдың ер есімін!

Іс-шарада Академияның тәрбие жұмысы бөлімі тамаша мерекелік концерт ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әнші, композиторлар одағының мүшесі Дерипсалдин Қалибек ағамыздың жетекшілігіндегі домбырашылар оркестрі өз әндерін ортаға салды.

Академиямыздың тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкері, полиция майоры Тимур Тулубаев «День Победы» әнін орындады.

Құрметті қонақтар арасында Қостанай облысының Балалар және жасөспірімдер олимпиада резерві мектебінің директоры Абикенов Аманбек Шакенұлы да жарысты тамашалады. Аталған іс-шараға келесі командалар қатысты:

  1. Қостанай қаласы;
  2. Рудный қаласы;
  3. Лисаков қаласы;
  4. Жангелді ауданы;
  5. Науырзым ауданы;
  6. Жітіқара ауданы;
  7. Қарасу ауданы;
  8. Сарыкөл ауданы;
  9. Қостанай ауданы;
  10. Денисов ауданы;
  11. ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы.

Іс-шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер аталды

                            52 кг.

1 орын Калимжанов Бекзат Қостанай  академиясы СШҮ (спорт шеберінің үміткері);

2 орын Камитов Ербол Қостанай академиясы;

3 орын Аралбай Ермек Қостанай академиясы;

3 орын Лагода Николай Сарыкөл ауданы;

 

 

 

 

57 кг.

1 орын Сулейменов Айбек

Қостанай академиясының СШҮ;

2 орын Қасым Нургали Рудный қ. СШҮ;

3 орын Махмутов Таргынбек

Қарасу ауданы СШҮ;

3 орын Жакешев Айбат

Қостанай академиясының СШҮ;

 

 

61 кг.

1 орын Молдрахметов Наурызбек

Науырзым ауданы;

2 орын Нурбаев Төлеби Науырзым ауданы;

3 орын Юсупов Данияр Лисаков қаласы;

3 орын Галибеков Бекжан

Қостанай академиясы;

 

65 кг.

1 орын Хайбуллин Асет Жітіқара қаласы СШҮ;

2 орын Құсайынов Абылай Жангелдин ауданы СШҮ;

3 орын Қасым Ержан Жітіқара қаласы;

3 орын Микибаев Алишер Рудный қаласы;

 

 

 

70 кг.

1 орын АйткуловТимур Қостанай ХДСШ (халықаралық дәрежедегі спорт шебері);

2 орын Ундрисов Мадияр Қостанай академиясы;

3 орын Өсербай Құлмахан Қостанай академиясы;

3 орын Ермагамбетов Ержан Қостанай ауданы;

 

 

                            74 кг.

1 орын Кусаинов Ержан Денисов ауданы;

2 орын Нуртлесов Руслан Денисов ауданы;

3 орын Сербаев Айтбек Қостанай академиясы;

3 ор. Турабаев Бейбит Жітіқара қ. СШҮ;

 

79 кг.

1 орын Магенбетов Габиден

Рудный қ.;

2 орын Амантаев Султан Жітіқара қ.;

3 орын Лузянин Олег Жітіқара қ.;

3 орын Бердибеков Досан Рудный қ.;

 

 

 

 

86 кг.

1 орын Аймаханов Жақсыбек Рудный қаласы  СШҮ;

2 орын Шакиров Олжас

Қостанай ауданы;

3 орын Құрбанбай Талғат

Қостанай академиясы

 

92 кг.

1 орын Исаев Эмин-Хаж Қостанай қаласы;

2 орын Узбеков Азамат Қостанай ауданы;

3 орын Жармағамбетов Бахтияр Қостанай академиясы;

3 орын Болатов Мирас Қостанай академиясы;

 

97 кг.

1 орын Кабдолмажитов Аманжол Қостанай ауданы;

2 орын Бескиеру Андрей Қостанай академиясы;

 

 

 

125 кг.

1 орын Андрющенко Владислав Қостанай академиясы;

2 орын Беркимбаев Адильбек  Лисаков қаласы;

3 орын Батырбеков Алтынбек Қостанай ауданы.

 

Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, әрқашан да биік шыңдардан көріне берулеріне тілектеспіз!





Жауынгерлік және дене дайындығы

кафедрасының оқытушысы

ұлттық дәрежедегі төреші       А.Ақылбеков