Адам құқықтарын сақтау басты міндет

2019 жылдың 25 сәуір күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының  Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының базасында ҚАПБ орта басшы құрамының біліктілігін арттыру курстарының «Адам құқығы» семинары аясында мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының сабақтары қызықты өту үшін адам құқықтары саласының маманын шақырды. Халықаралық адам құқықтарын қорғау бюросының Қостанай филиалының директоры Ахметбекова Махаббат «Қазақстан Республикасындағы адам құқығы уәкілінің қызметі және оның адам және азамат құқықтары мен заңды көзқарастарын қамтамасыз ететін ішкі істер органдарымен байланысы. Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары уәкілінің институты» тақырыбында дәріс өткізді. Тәжірибелік маманның деректері терең ойға батырды. Себебі сол баяғы бір құмалақ әлі де болса арамызда жүргенін, оларды жою үшін осындай семинарлардың өткізілу қажеттігін айтып кетті.

Сабақтың барысына тәжірибелік қызметкерлердің қызыққаны соншалықты өз қызметтеріне қатысты сұрақ-жауаптар туындап, ұтымды да өмірлік жауаптар алынып, жағымды пікірлер қалдырылып отырды.

МҚП кафедрасының

аға оқытушысы

полиция майоры

М.Смагулов