Отан қорғаушыларға арналады

Бір өзіңмен таңымда атты менің,

Аман сенің болғаның нақ тілегім.

Отан менің  шаңырақ бесігім ғой,

Отан менің еңселі ақ тірегім.

Отан менің отбасым шаңырағым,

Шаңырағым сен үшін сарыламын.

Отанымды сүйемін туып өскен,

Отан үшін қызықтай қағыламын.

Әр азамат сенетін ел тірегі,

Намыс деген жігітті өлтіреді.

Отанының есігін жауың қақса,

Қысылатын құрысып көкірегі.

Ел ішінде туғанда алауыздық,

Жігіт неге еңкілдеп еңіреді.

Мұның сыры негізі ер азамат,

Отанының сенетін бір тірегі.

Ердің ері кімге де керек екен,

Ерің болса бейбіт күн енеді екен.

Отанымды қорғайтын ерлерімді,

Құттықтаймын бүгінгі мерекеңмен!

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының

полиция қатарындағы 3 курс курсанты

Әділ Ілияс