Практикамен тығыз байланыс

2019 жылдың 25 сәуірінде ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 2 курс 208,202 оқу топтарымен ҚР Қылмыстық құқық (Ерекше бөлім) пәнінің тақырыптық жоспарына сәйкес «Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар» тәжірибе сабағы өткізілген болатын. Осыған орай академияға Ақмола облысының ІІД Көкшетау қаласының ІІБ-ның аға жедел уәкілі полиция капитаны Качкинтаев Алишер Адылбекович мырза келген болатын. Сабақ барысында курсанттармен қызықты мәліметтермен бөлісіп, қазіргі кезде полиция қызмекерлеріне қатаң талаптар қойылғанын және болашақта білімді,төзімді,батыл болу керек екенін қадап айтты. Әрқашан өздерінің міндеттерін ұмытпай тәртіпке бағынып алға ұмтылудың маңызы ерекше екенін түсіндірді. Курсанттар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сол сұрақтарға жауап алды.
Қорыта айтсақ, өткізілген тәжірибе сабағының болашақ полиция қызметкерлеріне берер әсері мол.


Қылмыстық,қылмыстық-атқару құқығы
және криминология кафедрасының
оқытушысы полиция капитаны
М.Қалқаманұлы