151-ші атқыштар бригадасының құрметіне арналған дәстүрлі веложүгіріске  Академия курсанттары  қатысты

2019 жылдың 26 сәуірінде Қостанай қаласында құрылған 151 – ші атқыштар бригадасының майданға аттанған күніне арналған дәстүрлі веложүгіріс  ұйымдастырылды.   Биыл осы тарихи күнге 77 жыл толып отыр. Іс-шараның мақсаты — өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, оларды отансүйгіш  азамат ретінде қалыптастыру болып табылады. Дәстүр бойынша жыл сайын өткізілетін іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің  Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы белсене ат салысты. Веложүгіріске Академия бастығы полиция полковнигі  Нұрлан Биекенов, Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Каппасов, Академияның офицерлер құрамы мен 1 курс курсанттары, сонымен қатар  өз қалауымен қала тұрғындары және мемлекеттік қызметкерлер де қатысты. Курсанттар, спортшылар мен мемлекеттік қызметкерлер ең алдымен Қостанай қаласының Жеңіс саябағында жиналды. Жиналған қауымның алдында сөз сөйлеу кезегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі басшысының орынбасары  Ерлан Амандықұлына, Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Юрий Александровичке және Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекеновке берілді.

Сөз соңында Ұлы отан соғысы ардагерлеріне, батыр бабаларымызға тағзым етіліп, мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды. Ардагерлеріміз 151-ші атқыштар дивизиясының ерлік істері  жайлы  әңгімелер айтты. Аталған іс-шарадан кейін, веложүгіріске қатысушылар  жолға шықты. Веложүгірістен кейін барлық қатысушылар Облыстық балалар шығармашылығы үйінің алдында жиналды, өйткені бұл  жер 151-ші атқыштар бригадасы жауынгерлерінің шеберліктерін тексеру орны болып табылған.

Іс-шара барысында «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі веложүгірістің барлық қатысушыларын мадақтамалармен марапаттады. Аталған іс-шара курсанттардың вальсімен басталып, жастардың патриоттық рухын, отанға деген сүйіспеншілігін тудырып, жүрек лүпілін оркестрлік  хордың қақтырылған өлеңдерімен аяқталды.

Қатысушылар естелікке суретке түсті. Веложүгіріске қатысуға қызығушылығын білдіретін жандар көбейе берсін. Нұр үстіне, нұр жаусын!

 

 












Баспасөз қызметінің хатшысы

О. Уақпаева