Жастар – еліміздің болашағы.

Арыстандай айбатты, 

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн!
(М.Жұмабаев)

Тәуелсіз еліміздің болашағы білімді, дені сау, жігерлі жастардың қолында. Оларға зор сенім арттырып, еліміздің әрі қарай көркейе келуіне, экономикалық және мәдени дамуына өз жағымды үлесін қосатынына күмәніміз жоқ.  Қазақстанда 2019 жыл – Жастар жылы деп белгіленген. Осыған орай, еліміздің түкпір-түкпірінде жастармен көптеген мәдени, спорттық іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Біздің академиямыз да шетте тұрған жоқ. ҚР ІІМ Шрақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Жастар жылына» арналған жоспарына сәйкес 2019 жылы сәуірдің 25 жұлдызында Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасы КОФ 3 курс курсанттары арасында қабырға газет байқауын  өткізді. Әділқазылар алқасы газеттердің тақырыпқа сәйкестігін, шығармашылық және эстетикалық безендірілуін бағалады.  Жүлделі орындарына келесі оқу топтары ие болды:




1 орын – 306 оқу тобы;

2 орын – 301 оқу тобы;

3 орын – 305 оқу тобы.

Біздің Академия курсанттарының да көздерінде от, сөздерінде жалын бар екенін сенімді айта аламыз. Оқу орнымыздың профессорлық-оқытушы құрамы болашақ полиция офицерлерін  өзінің кәсібінде шеберлі маман болуына жетелейді.

ІІОӘЖҰ кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны Алия Абишева