Бақытты балалық шаққа барлығының құқығы бар……

2019 жылдың 24 сәуірінде «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын  3 курс курсанттары «Қостанай қалалық әйелдер мен балаларға арналған бейімделу орталығына» шығу сабағы болды. 2004 жылы «Қостанай қалалық әйелдер мен балаларға арналған бейімделу орталығы» ашылған болатын. Орталықтың кеңесшісі Жанар Сериковна Мырзабекова курсанттарды орталықтың күн тәртібімен таныстырып, сұрақтарына жауап берді. Орталық 38 орынға арналған, қазіргі таңда 37 ана мен бала тұрақтаған. Балалар орталық қарамағындағы балабақшаға барды. Осы сабақтың мақсаты әлеуметтік және материалдық қостауды қажет ететін әйелдер мен балаларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және олардың әлеуметтік бейімделуін қолдау, уақытша тұрғындық орынды ұсынуды қарастыру.

Әйелдер орталықта әлеуметтік-психологиялық сауықтырудан өтеді. Мекеме ұжымы психолог, заңгер, дәрігер  мамандарынан жасақталған. Сондай-ақ белгілі бір кәсіпке үйрету, жұмысқа орналасып кетуіне көмектесу сияқты жұмыстар да жүргізіледі.

Қорыта келгенде, шығу сабағының соңында курсанттар сұрақтарға толық жауап алып, өз білімдерін толықтырды. Кездесу соңында орталықтың ұжымына алғысымызды білдіріп, жұмыста табыс тіледік!!!

ІІОӘЖҰ кафедрасының оқытушысы

полиция майоры

 А. Танкибаева