Облыс деңгейінде алғаш рет өткізілуде!!!

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының аумағында республикалық деңгейде 3 кезеңнен тұратын облыс төңірегінде іріктеу өтті. Бұл іріктеудің бірден – бір мақсаты алда келе жатқан Түркістан облысы мен Теміртау қаласында өтетін республикалық деңгейдегі Республика Чемпионатының өтуіне орай облыс төңірегінде іріктеу өтіп, алдағы уақытта жарыстарға дайындықтар басталып кетті. Республикалық жарыстардан да әлемдік додаға іріктеу өтеді, соған байланысты Қостанай облысының бас жаттықтырушылары іріктеуден командалық есеппен алдыңғы орынды иеленуді мақсат тұтып отыр. Әрине, барлығы уақыт елшісінде біздің мақсат құрамдағы спортшыларымызды білікті, жеткілікті дайындап додаға қосу. Айта кететін болсақ, облыс төңірегінен барлық облыс спортшылары қатысты. Жарыс ашық есікте жүзеге асырылды және командалық есеппен Қостанай қаласы бірінші орынды иеленді, солардың құрамында Академия курсанттары да бар. Олар: 2 курс курсанттары полиция кіші сержанты Жанбуршинов Бекзат пен полиция кіші сержанты Жарқынбек Бағдаулет өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанып, 2 орынға полиция қатарындағы Бәшір Ғасыр мен полиция қатарындағы Сейтмаханбет Рахат өз салмақтарында жүлделі орындарды иеленді және 1 курс курсанты полиция қатарындағы Нұржан Жұмабеков өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Бұл курсанттардың осындай жетістіктері Академия жаттықтырушыларының еңбектері. Академия жаттықтырушылары: полиция подполковнигі Руслан Танқыбаев пен полиция майоры Ержан Кабидуллинов. Жарыстың бас төрешісі: отставкадағы полиция подполковнигі Бағдат Утенов, төрешінің көмекшілері ҚР Спорт шеберіне үміткер, ҚР Чемпионатының 2 дүркін жүлдегері полиция сержанты Миргуль Алимбаева мен ҚР Спорт шеберіне үміткері ҚР Чемпионатының 3 дүркін жүлдергері полиция қатарындағы Гүлнұр Максетова болды. Жарыс өз дәрежесінде жоғары деңгейде өтті. Жарыстағы мақсаттарымыз айқын да әрі нақты болды және басты мақсаттарымыз орындалды. Алдағы уақытта спортшыларымызға сәттілік, жүйрікті қанша шалсаңда жүйріктігімен алға шабады дейді, сол сөздер жадыңызда мәңгі болсын, еңбек ешқашан еш кетпеген, адал еңбек бар жерде жеңіс пен жеміс болады. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, алдағы жарыстардан тек жеңіс тілейміз. Сәт сапар спортшылар!!!








полиция қатарындағы 2 курс курсанты
Максетова Гүлнұр