Диагностикалық тестілеу нәтижесі

«ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында 2019 жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы өкілдерінің қатысуымен өткізілген диагностикалық тестілеудің қорытындысы белгілі болды.

Осы шараға Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясынан 42 қызметкер қатысып, өз білімдерін байқап көрген болатын.

Тестілеу нәтижесі бойынша ортадан жоғары деңгей дәрежесін 7 қызметкер көрсетсе, орта деңгейді 16 тестіленуші, базалық деңгей көрсеткішін 17 адам, ал 2 қызметкер қарапайым деңгей нәтижесін көрсетті.

Сонымен, В2 Ортадан жоғары деңгей көрсеткішіне қол жеткізіп, мемлекеттік тілді жақсы меңгергендерін растағандар:

Багитов Сабит Сейтканович – 128 балл;

Баргаринов Аслан Рамазанович – 122 балл;

Қабаев Әділ Қайратұлы  – 131 балл;

Муслипов Жанибек Адылканович – 120 балл;

Советқанов Дархан Әлібекұлы – 132 балл;

Турымов Алибек Рапхатович – 126 балл;

Уразбаева Мадина Мукашевна – 132 балл.

Мемлекеттік тіл бөлімшесі