Спорт – денсаулық кепілі, ел ертеңі!

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 курс басшылығының ұйымдастыруымен 2 курстың ұлдар құрамы кезекті жексенбілік демалыс күнін сергіту сәті мен шағын футбол ойыныннан (взвод аралық) жарыс ұйымдастырды. Әлемге танымал ойындардың бірі және бірегейі болған бұл, спорт түрімен Академияда курс арасында емес, сонымен қатар офицерлер арасында да өтіп тұрады. Ер азаматтарымыздың жанына жақын десекте аздық болмас. Бұл спорт түрінің шығу тарихы ағылшындардан бастау алған. Ағылшындарда футбол өзгеше ережемен жүзеге асырылады, футболдың ережесін Азиялықтар ыңғайына қарай өзгеріп, жалпыға бірдей қолайлы, ортақ ереже ұсынған болатын, қолдау тапқан бұл ереже қабылданып, қазіргі таңда әлемдік дәрежеде ойналып жатыр. Курсанттардың әрбір бос уақыты Академия үшін баға жетпес байлық болып табылады, себебі, жастық жағын Академияда өткізетін курсанттардың санасына естен кеспес естеліктер қоры көп болғанын қалаймыз. Әрине, естеліктің де естеліктері болады, соның ішінде сапалы, пайдалы, тәрбиелік мәні бар естеліктермен толтырғымыз келеді. Қазір тәлім-тәрбие алып жатқан курсанттарымызда уақыт келе, өскелең ұрпақтарға өз кезегінде орын басып, артта келе жатқан іні-бауырларына бізден алған тәрбиені жетілдіріп, оларға да үйретіп, үлгі болсын деген болашаққа мақсаттарымыз бар. Ең маңыздысы, басшылық құрамның «арбаның басы қайда бұрылса, жүгі сонда ауатынын» естен шығармай, әр басқан қадамын анық, сенімді, нәтижелі басып, болашақ офицерлерге үлгі болуды насихаттайды. Академияда спортпен курсанттар да, офицерлер де шұғылданады, спорт – өмір, мықты денсаулық, қажымас қайрат беретіні барлығымызға аян!



2 курс басшылығының орынбасары
полиция аға лейтенанты
Кабылдин М.О.
полиция қатарындағы
2 курс курсанты
Максетова Гүлнұр