Ағаш егу жұмыстары

1 курс жеке құрамы көктемгі науқан дайындығына кірісіп, академия маңына ағаштар мен теректер егу кезеңін бастап кетті. Сәуір айының 19-шы жұлдызы күні жас курсанттар қарағай  ағашын егумен айналысты. Жұмыстың негізігі мақсаты: академия маңын көгалдандырып, оның одан сайын гүлденуіне үлес қосу. Жүктелген тапсырма курсанттардың еңбекке деген құлшынысын арттырып, олардың оқу орнына деген жауапкершілігін одан әрі оятатыны сөзсіз. Курсанттармен бірге полиция аға лейтенанты Даушев Асылбек және полиция старшинасы Альменов Азамат бірге жүріп, берілген жұмыстың дұрыстығын қадағалады. Тек қана жұмыстың бағасын бермей, курсанттарға өз қолымен ағаш отырғызу әдісін көрсетті. Бұл үрдіс академия тарихында бірінші рет орындалып отырған жоқ. Жылда болатын үрдіс биылда өз жалғасын тауып, өз кезегінде орындалды.


полиция қатарындағы 1 курс курсанты

Бакбаева Аида