Тәжірибе мен теория ұштасқан кездесу

2019 жылғы 16 сәуірде 207 оқу тобымен «ҚР қылмыстық-атқару құқығы (жалпы бөлім)» №5 тақырып «Жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық әсер ету  шараларын орындау және түзету шараларын қолдануды құқықтық реттеу» тақырыбы бойынша өткен семинар сабағына Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Атантаев Дидар Сайлявович қатысты.

ҚР ІІО мен ҚАЖ көп жылдық өтілі бар қызметкермен өткен кездесу курсанттардың есінде ұзақ сақталады деген үміт бар, себебі сабақ барысында жүргізілген әңгіме және курсанттар тарапынан қойылған сұрақтар осыған дәлел болды.

Кездесу барысында Дидар Сайлявович курсанттарға болашақ мамандықтары жайындағы көптеген қажетті және қызықты мағлұматтарды жеткізді және де тәжірибе барысында кездесетін қиындықтар мен көптеген кедергілерден қалай мүдірмей өтуге болатындығын айтып, өзінің көп жылдық тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар сабақ барысында қазіргі таңда ІІМ оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесіндегі реформалар жайында да сөз қозғалды.

Кездесу соңында курсанттар мен қонақ бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, оқу мен жұмыста сәттілік тілеп қош айтысты.

ҚҚАҚ және К кафедрасы

бастығының орынбасары

полиция подполковнигі

Г.Кажикова