Тәжірибелік қызметкерлермен өткен танымды сабақтар

Теория мен практиканы байланыстыру, курсанттардың алған білімдерін тәжірибе жүзінде нығайту мақсатында курсанттармен сабақтар өткізу үшін біліктілікті арттыру институтына біліктілігін арттыру үшін келген тәжірибелік қызметкерлер тартылады.

Осындай сабақтардың тағы бір кезекті реті сәуір айының 15-нен бастап біліктілігін арттырып жатқан ҚАЖ департаменттерінің бастықтарының орынбасарларының қатысуымен апта бойына өткізілді.

Күндізгі оқыту факультетінің 2 курс 203, 207, 208 оқу топтарына Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет полковнигі Атантаев Дидар Сайлявович, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет полковнигі Жапашева Баглан Турановна, Павлодар облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет полковнигі Искаков Даулет Мажикенович «Криминология» пәні бойынша «Террористік және экстремистік қылмыстылықтың криминологиялық сипаты мен оны ескерту» тақырыбында сабақтар өткізді.

Сабақ барысында аталған лауазымды тұлғалар курсанттарға қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі террористік және экстремистік қылмыстылықтың алдын алу, аталған қылмыстарды ашу, анықтау және т.б. тақырып бойынша сұрақтарды талқылады. Әрине, әдеттегідей курсанттардың қояр сұрақтары да аз болмады. Қойылған сұрақтарға курсанттар лауазымды тұлғалар иелерінен тұтымды жауаптарын алды.

әділет полковнигі Атантаев Дидар Сайлявович

әділет полковнигі Жапашева Баглан Турановна

әділет полковнигі Искаков Даулет Мажикенович

 

 

Қылмыстық, қылмыстық-атқару

құқығы және криминология

кафедрасының оқытушысы,

полиция капитаны

А. Мұрат