Қостанай академиясының 2 курс курсанттарының кезекті саяси Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбына ақпарат берілді

Курс басшылығының ұйымдастыруымен кезекті саяси ақпараттың бүгінгі тақырыбын Елбасның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын баяндаған болатынбыз. Біз мақсат бәсекеге қабілетті, білімді, білікті, парасатты полиция тұлғасын қалыптастырып, құқық қорғаушы, заңгерлердің білімін нығайту болды. Сонымен қатар, жан-жақты қабілеті мол тұлғаға айналдыра отыра, Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Рухани жаңғыру бүгін басталған жоба емес, ол сонау бабаларымыздың ұстанған салт-дәстүрлері мен наным-сенімдерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе отыра,  қазіргі заман талабына сай ұл құндылығымызды күллі әлемге паш ету. Біз Тәуелсіздік кезеңінен бастап алған «Мәдени мұра» бағдарламасын, «Халық-тарих толқынында» және соған сәйкес бағдарламалары осы уақытта дейін бастау алып, Қазақстан аумағындағы ескерткіштер мен тарихи нысандарды жаңартып, әлемге ең белді тарихи құңдылықтарымызды туған өлкеге жинақтаған болатынбыз. Әрине, бұның барлығы сен , мен немесе олардың жеткен жетістіктері емес бұл жетістік жұмылған бір жұдырықтай Қазақтың жетістігі.


Күллі жер жүзі көз алдымызды өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеге сана-сезіміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңестіру басты бағыт. Осы бағдарламаға қолдау көрсету барысында Академияның басшылық құрамы курсанттардың барлық қолжетімділігін дамытып, Елбасының алға қойған мақсатын жүзеге асыруға насихаттау барысында. Алдағы уақыттан күтер үмітіміз мол, мақсатымыз айқын нәтижесін алар уақыт туды.

 

2 курс басшылығының орынбасары

полиция аға лейтенанты

Кабылдин Марат Орманбекович

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Максетова Гүлнұр