Жас қаламгер – курсанттар

2018 жылғы 14 қарашадағы Мемлекет басшысының Жарлығымен биылғы жыл Қазақстанда жастар жылы деп жарияланды. Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасын,  Академияның имиджін көтеру, қазақстандық патриотизмді арттыру, қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету,  курсанттар арасында шығармашылық қабілеттерін арттыру бағытында, 2019 жылдың 15 сәуір күні Островский атындағы қалалық кітапхана жанындағы жастарға арналған үйірме мүшелерінің ұйымдастыруымен «Толқын» шығармашылық студиясының жас қаламгерлерімен іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға қаламыздың оқу орындарының студенттері, дарынды жастарымен Қазақстан Республикасының Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Каппасовтың қолдауымен курсанттарымыз, дәлірек айтқанда, 1 курс курсанты Аида Бакбаева, 2 курс курсанттары Сәрсенәлі Рүстем, Жора Шыңғыс, Ерболат Лашын және 3 курс курсанты Әділ Ілияс  қатысты.  «Толқын» шығармашылық  студиясы өнерлі де  талантты оқушылардан жиналған өте дарынды, талапты ақындар, күйшілер, әншілер, айтыскер балалармен  қамтылған керемет ұжым.

Іс-шараның салтанатты ашылуы «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырыған кітапхана жүйесі» ММ алғыс хаттарды марапаттаумен басталды. Аталған мадақтамамен біздің 2 курс курсанты Ерболат Лашын мадақталды.  Іс-шара барысында курсанттарымыз жүректен шыққан өздерінің өлеңдерін оқып,  қойылымдарын қойды.  Іс-шараға жиналған қауым  курсанттардың көрсеткен қойылымдарын тамашалап,  таң қалды.  Сонымен қатар кеш барысында ән жырмен қатар көптеген ұлттық ойындар ойнатылды.

Ертеңінен үміт күттіретін жас қаламгерлеріміз туған жер, жастық шақ, табиғат және ұлт пен тіл тақырыптарында өлеңдерін айтты. Академия белсенділері өздерінің жан-жақты білімге өнерге де жақын екендігін көрсетті. Жиналған қауымның  алдына  шығып сөз сөйлеу, өлең оқу,  ән айту, домбыра тарту, әр халықтың назарын өзіне аудару  әр адамға оңай бола қоймасы сөзсіз.  Ал, біздің белсенді жастарымыз барлықтарын өз деңгейінде халыққа жақсы әсер сыйлай білді.

Аталған іс-шара соңында, «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырыған кітапхана жүйесі» ММ басшысы Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Биекенов Нұрлан Амангелдіұлына курсанттарымыздың іс-шараға белсене қатысып, жоғары деңгейде өткізіп, талантты да дарынды жас ақындарыңыз көбейіп, ел игілігі үшін атқарған қызметіңіз абыройлы, мерейіңіз үстем болсын!

Жас қаламгерлерге, сапарларың сәтті болсын, еңбектеріңіз жемісті де, баянды болсын!

Баспасөз қызметінің хатшысы

О.Уақпаева