Театрға саяхат

1 курс жеке құрамы сәуір айының 13-ші жұлдызы күні Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына барып сейілдеме жасап келді. Сейілдемеге шығудың мақсаты: курсанттардың рухани жағынан жетілу. Курсанттардың сана-сезімін ояту, жақсы жағына бейімдеу, білімге, мәдениетке деген көзқарастарын кеңейту, қызығушылықтарын арттыру. Қазақ әдебиеті тарихымен терең танысу бізге әдеби сауаттылығымызды арттырумен қоса, жаңа әлемнің есігін ашады. Қойылым қазақ әдебиетінің бастаушысы Ыбырай Алтынсаринге бағытталды. Мектеп ашу кезеңінен бастап, оның елге деген махаббатын суреттеп, жеткізе білді. Курсанттар қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған, халық ағартушысы, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсарин туралы көп мағлұматтар алды. Осындай әдемі қойылымды көруге себепші болған курс басшылығына алғысымыз шексіз.

1 курс курсанты полиция қатарындағы Бакбаева Аида