Тазалық – саулық негізі

1 курс жеке құрамы академияның аумағына тазалау жұмыстарын жүргізді. Тазалау жұмысының мақсаты: таза қалада, тазалықта өмір сүру және академия аумағын барынша көгалды, таза қалпында ұстау болып саналды. Курсанттар өздеріне берілген жұмысты ойдағыдай атқарып, барлық міндеттерді жеткілікті түрде орындай білді. Жұмыс барысында саптық бөлім бойынша бастығы полиция капитаны Нұрлан Бақытқалиұлы ұл балаларға қалай жұмыс жасау қажеттілігі туралы  айтты. Бір жағынан жақсы нәрсеге бағытталған ұжымдық іс болса, бір жағынан курсанттардың еңбекке деген құштарлығын арттыратын жұмыс болып саналады. Еліміздің басшысының бізге берілген жолдауында тазалық атты сөзді ерекше атап айтқан болатын. Біз болашақ Ішкі істер органдары қызметкерлері ретінде осы жолдауға тоқталып, оның жеткілікті шекте дамуына барынша үлесімізді қосамыз. Ең алдымен  берілген  іске  жұмылдыра кірісу  біздің  міндетіміз.









1 курс курсанты полиция қатарындағы Бакбаева Аида