Жедел іздестіру шарасы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының сырттай және күндізгі оқыту факультетінің  2 курс курсанттары Қостанай облысы Рудный қаласының Қалалық ішкі істер басқармасының жедел уәкіл қызметкерлеріне іздестіру жұмыстарына көмектесті. Академияның 2 курс жеке құрамынан құрылған 60 курсант осы іздестіру шарасына  белсене қатысты. Курсанттарды топқа бөліп, оларға бағыт — бағдар беріп, іздестіру жұмыстарына 2 курс бастығының орынбасары полиция аға лейтенанты Марат Кабылдин басқарды.  Топқа бөлінген курсанттар қаланың шеткі аудандарынан бастап, Тобыл өзенінің жағалауын, орманды алқаптарды түгел қарап шықты. Жедел іздестіру тобының қызметкерлері курсанттардың көмегіне алғыстарын айтып оң бағасын берді. Іздестіру жұмыстарына қатысқан курсанттар аздап  болса да тәжірибе жинадық деп, бұл шараға қатысқандарына  риза болды.


2 курс бастығының орынбасары

полиция аға лейтенанты

М.Кабылдин

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Нақыпбеков С.Н