Кіші командирлер арасында өткізілген  спорттық іс-шара

Взвод жұмыстарын жақсартып, командирлерді  ширата білу арқылы курс жұмысының деңгейін көтеру, курс басшылығының тікелей жұмысы болып саналады. Осындай игі бастамамен Наурыз айының 7-ші жұлдызы күні кіші командирлер арасында спорттық іс-шара өткізілді. Өткізу мақсаты: үздік взвод командирін, командирдің оқу жұмыстары бойынша орынбасарын және бөлімше командирін анықтау. Спорттық іс-шара мынадай кезеңдерді қамтып өтті:

Ұл балалар-тартылу

Қыз балалар – КЖЖ жасау арқылы анықталды.

Бұл іс-шара тек қана үздік командирлерді анықтау мақсатында ғана емес, жас отан қорғаушылардың спортқа деген белсенділігін арттыру мақсатында өткізіліп отыр. Айта кетерлік жайт, мұндай спорттық сайыстар академия  қабырғасында тек бірінші жылы ұйымдастырылып отырған жоқ. Жылдан жылға жалғасын тауып келе жатқан спорттық дәстүрлердің бірі болып табылады. Дегенмен 1 курс жеке құрамы ең алғашқы рет қатысып. өз мүмкіндіктерін сынап көруде. Ендеше қатысып жатқан барлық кіші сержант құрамына тек сәттілік тілейміз!









Бакбаева Аида,

  полиция қатарындағы

1 курс курсанты