Жылсайынғы «Білікті маман-2019» V кәсіби шеберлік сайысы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында  жыл сайынғы «Білікті маман-2019»  кәсіби шеберлік сайысы өткізілуде. Бұл сайыс ішкі істер органдарында қызмет көрсету үшін курсанттарды кәсіби даярлаудың сапасын және деңгейін анықтау, болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, ең жақсы мүмкіндіктерді анықтау, қызметкерлерді үздіксіз зерттеу мен үздік тәжірибелерді таратуда қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіледі. 2019 жылдың 8-ші жұлдызында академияның спорт кешенінде күндізгі оқыту факультетінің курсанттарымен кәсіптік біліктілік сайысының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Сайыс үш кезеңнен тұрады:

  1. Дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру.
  2. Атыс дайындығы бойынша жаттығуларды орындау.
  3. Базалық және кәсіптендіру пәндері бойынша сайыскерлердің практикалық дайындығы:

— тәжірибелік тапсырмалар мен қолданбалы тапсырмаларды, есептерді шешу.

«Құқық қорғау қызметі», «Педагогика және психология», «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары бойынша әр курста ең үздіктері таңдап алынады.

1 курс жеке құрамы бұл сайысқа ең бірінші рет қатысып, өздерін сынап көруде. Сайыстың нәтижелерін жариялау және жеңімпаздарды марапаттау Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шарада өтеді.

  Күндізгі оқыту факультеті