Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Сыбайлас  жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму,   нарықтық  экономиканы құру  инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –  мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында  «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Сол мақсатта 1 курс курсанттары сыбайлас жемқорлық бойынша сауалнама жұмыстарын өткізді. Өткізу мақсаты: курсанттарды жақсы қасиеттерге баулып, қоғамда мұндай жағдайлардың болуын азайту болып саналды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.

Бакбаева Аида,

полиция қатарындағы

1 курс курсанты