Ішкі істер органдары ардагерімен жүздесу

«Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді».

Н. Назарбаев

 

Отанымыздың келешегі жастардың қолында деп айтып келеміз. Бұнымен жастарға сенім туындатып, жауапкершілікке баулимыз. Жас буынды тәрбиелеп, еліне елеулі азамат етуге тырысамыз. Тәрбиенің түп төркіні – білім ошағы екені анық. Сондықтан еліміздің болашағын қолына табыстар жастар тәрбиелеу біздің мақсатымыз болып табылады.

Н.Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Жастарымызға қолдау көрсету, тәрбие беру, білім беру мақсатында өткізіліп жатқан іс-шаралар қатары жетерлік.

Осы сынды іс-шаралардың бірі кураторлық сағат шеңберінде «Жастар жылы» аясында 201 оқу тобының курсанттарымен өткізілді. Кураторлық сағатқа ішкі істер органдарының ардагері, милиция полковнигі Насыров Сатыбалды Маженович шақырылды. Өз өмірін еліне адал қызмет етуге арнаған, жоғары лауазымдарда бірнеше жыл қызмет еткен, әлі де жастарды тәрбиелеуде аянбай атсалысып келе жатқан ардақты ағамыз курсанттармен кездесіп, өз қызметі жолында кездескен қызықты да қиын жағдайлармен, оқиғалармен бөлісті. Еліне адал қызметкер болу үшін еңбек етудің мәні мен мағынасын, қыр-сырын айтты. Сонымен қатар, ер азаматтың бойында болуы тән қасиеттерді көрсетті. Кездесу барысында елеулі азамат өзінің «офицер» болып, осы мамандықты таңдағанына бір сәт те болса өкінбегендігін, бар ынта-жігерін білім алуға, өзін-өзі жетілдіруге арнап, аянбай қызмет еткендігін айтып, бөлісті. Кездесу соңында ардагер курсанттарға тілегін айтып, ақ жол тіледі.

Курсанттар ардагерге алғыстарын білдіріп, зейнет демалысында еңбегінің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай, үлгі тұтар аталарының бірі ретінде ұзақ өмір сүруін тіледі.

201 оқу тобының кураторы

полиция капитаны

А. Мұрат