Күле білу — өмір

Атақты сатирик Сейіт Кенжеахметұлы: «Күлдіре білу — өнер, күле білу — өмір, күлкі болу — өлім» дейді.

Әзіл-қалжыңға қазақ халқы қашанда теріс қарамаған. Әзіл — юморлық сезімнің, тапқырлықтың жемісі. Әзіл — болмысқа, құбылысқа, нақты оқиғаға қатысты көзқарасты білдірудің, баға берудің бір түрі. Әзіл-қалжың, күлкі адам өмірін ұзартады. Әзіл айта білу, күлдірте білу – өнер.


201 оқу тобының курсанттары Елубай Өмірзақов атындағы Облыстық филармонияда өткен «Көңілді тапқырлар клубының» әзіл кешін тамашалап қайтты. Орал, Ақтөбе, Қостанай, Арқалық, Петропавл және т.б. қалалардан жинлған КТК лигасының қатысушылары өзара өнерлерін көрсетті. Бір-бірімен жарысып, бәйгеге түскен командалар көрерменге жадыраңқы көңіл-күй мен күлкі сыйлады. Кешті тамашалауға барған курсанттар көтеріңкі көңілмен қайтты.

Тек қана таңдаулы күндер емес, әр күніміз күлкіге, қуаныш пен шаттыққа толы болсын!

201 оқу тобының кураторы

полиция капитаны

А. Мұрат