ТӘЖІРИБЕЛІК ҚЫЗМЕТКЕРМЕН КЕЗДЕСУ

2019 жылы 2 сәуір күні КОФ 308 оқу тобы курсанттардың біліктілік деңгейін арттыру және өз мамандығы мен қызметіне қызығушылығын арттыру мақсатында Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің УК–161/12 мекемесі (Арқалық қаласы, толық қауіпсіздік мекемесі) режим және күзет бөлімінің бастығы әділет капитаны Сандыбай Марденович Усембаевпен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында курсанттарды ҚАЖ мекемесі күн тәртібі, аталған ҚАЖ мекемесіндегі сотталғандардың жазаны өтеу режимі, мекеме аумағындағы өз қызметтері мен өкілеттілігі жайлы қызықтырған сұрақтар қойды. Кездесуге келген әділет капитаны С.М. Усембаев тәжірибесімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жақсы жауап берді.

Сонымен қатыр, қазіргі таңда елімізде ІІМ органдарын жаңғырту аясында жүріп жатқан реформалармен қатар, күнделікті тәжірибеде кездесетін мәселелер талқыланып, курсанттардың болашақ қызметке қандай даярлықпен бару қажеттігі жайлы жіті талқыланды.

Курсанттар тәжірибелі қызметкерлермен жиі кездессек, өз алған білімдерімізді тәжірибелі тексеру мақсатында мекемелерге шығу сабақтарын ұйымдастырсақ  деген өз идеяларын жеткізді.

Кездесу соңында курсанттар әділет капитаны С.М. Усембаевқа өз ризашылықтарын білдірді.

ЖІҚ кафедрасы оқытушысы

полиция майоры

А.Р. Турымов

308 оқу тобы кураторы