Академия бастығы Тәжікстан Республикасының курсанттарымен кездесті

2019 жылдың 3 сәуір күні  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің  Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов Академияда білім алып жатқан Тәжікстан Республикасының 29 курсантымен кездесті. Іс-шараға Академия бастығының орынбасарлары полиция полковнигі А.Ж.Нурушев, полиция полковнигі Е.Т.Каппасов, тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция майоры Р.Қ.Аужанов және курс басшылары қатысты. Аталған іс-шараға Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, Қостанай облыстық «Шарқ» Тәжік – Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Эргашвой Эрматович Холметов шақырылды.

2013 жылдан бастап  Қостанай академиясын 52 курсант жемісті аяқтап, өз туған елінде қызмет атқарып жатыр. Бүгінгі таңда оқу ордамызда 29 курсант білімдерін алып  жатыр.

Полиция полковнигі Нұрлан Биекенов білімдерін шыңдап жатқан курсанттарға таңдаған мамандықтарының кәсіби маманы болу үшін, көп оқып, көп ізденісті талап етеді.  Заман талабына сай Академияда барлық жағдайлар жасалынған. Біздің мақсатымыз  білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету, адамгершілігі және рухани ойлау дәрежесі жоғары дамыған, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, салауатты,  тәрбиелі азамат етіп тәрбиелеу. Сондай-ақ курсанттардың оқу үлгірімдері, тәртіптері, толеранттылық туралы, оқу ордамыздағы әртүрлі бағыттарда өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысулары туралы да айтты.

«Шарқ» Тәжік – Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы  Э.Э.Холметов  Академияның басшылығына, профессорлық-оқытушылар құрамына ризашылығын білдіріп, курсанттарға академияда қызметтік тәртіпті сақтап, сапалы білім алып, таңдаған мамандықтарыңның кәсіби білікті маманы болып, ата – аналарыңның сіздерге артқан үміттерін ақтауларыңыз қажет, деп тілегін білдірді.

Аталған іс-шара барысында курсанттар  өз тарапынан оқу, ғылым мен білім салаларында бірталай сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Кездесу жақсы деңгейде өтіп, естелікке суретке түсті.

Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы